Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық велосипедші Азиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық велосипедші Азиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады , Stan.kz ақпараттық агенттігі.


«Астана» велокомандасының мүшесі Алексей Луценко топтық жарыста өте жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстанның қоржынына алтын сыйлады. Ол 150 шақырымды 3 сағат, 25 минут және 25 секундта бағындырып, өте тамаша нәтиже көрсетті.
Люценкомен бірге тағы екі велосипедші мәреге жетті. Дегенмен, фотофиниш Луценконың жеңімпаз екенін анықтады.

Алтын медальды жеңіп алып, үздік атанған жеңімпазымыздың өзі бүгінгі жеңісінен алған әсерін жеткізіп, пікір білдірді.
«Маған сенім білдіріп, қолдау көрсетіп, уайымдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Шамам келгенше тырыстым. Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салғаныма қатты қуанып отырмын. Дегемен, ертең мені тағы бір маңызды жарыс күтіп тұр. Ертең де маған қолдау көрсететіндеріңізге сенемін»,-дейді жеңімпаз жарыстан кейін.
Stan.kz
23 тамыз 2018 ж. 1 552 0