Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 9 желтоқсанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады.
9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Таразда тұман түседі.
stan.kz
09 желтоқсан 2020 ж. 224 0