Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бейсенбі күні қар жауып, күшті жел соғады

Бейсенбі күні қар жауып, күшті жел соғады

  baq.kz Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында жауын-шашын болады. Орталық, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, күшті жел соғады. Оңтүстік-батыста жел екпіні 30 м/с асады. 
Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20, түнде 23-28 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында жел қарқыны 30 м/с асады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші - 15-20, кей жерлерде - 25 м/с. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Жел екпіні - 15-20, 25 м/с дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел қарқыны күндіз 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші - 15-20 м/с. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 18-23 м/с. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының түнде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысында жел екпіні - 18 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында - 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. 

Ақтөбе облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.
13 ақпан 2020 ж. 911 0