Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 27 қаңтарға арналған ауа райы

27 қаңтарға арналған ауа райы

   baq.kz Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидрометтің хабарлауынша еліміздің басым бөлігі циклон әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. 

Республиканың кей жерлерінде жауын-шашынды, көбінесе қар түседі. 
Оңтүстіктің кей жерлерінде мол жауын-шашын жауса, солтүстікте қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Жел күшейеді. Солтүстікте және оңтүстікте желдін екпіні 30 м/с және одан асуы мүмкін. 
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын соғып, кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. 
Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с жетеді. 
Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.
Қарағаңды облысының кей жерлерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады. 
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде – көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. 
Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
27 қаңтар 2020 ж. 721 0