Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Боран, жел, көктайғақ – Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Боран, жел, көктайғақ – Жұмаға арналған ауа райы болжамы

  inform.kz Синоптиктердің болжауынша, жұма күні еліміздің басым бөлігінде боран, күшті жел соғады, қалың қар түсіп, көктайғақ болады.
Қазгидрометтің мәліметінше, 24 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігіне Жайықтың үстінде орналасқан циклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын көбінесе қар түрінде болады, оңтүстік-батыста кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ сақталады, жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазасқстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз боран соғуы ықтимал. Ақмола облысында жел түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-22 м/с.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
24 қаңтар 2020 ж. 981 0