Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 6 желтоқсанға арналған ауа райы

6 желтоқсанға арналған ауа райы

    baq.kz Бүгін еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, боран соғады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 6 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерінде жауын-шашын түсіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстіктің кей жерінде қалын қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. 

Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 30 м/с және одан аса өтте қатты жел күтіледі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 

Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
06 желтоқсан 2019 ж. 601 0