Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін кей облыста тұман түседі

Бүгін кей облыста тұман түседі

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстіктің кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек батыста, оңтүстік-шығысыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болады, бұршақ, дауыл күтіледі.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25  м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі,  күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз екпіні 29 м/с күтіледі.  
Қостанай облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. 
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі,жел 15 м/с күшейеді.
baq.kz
27 наурыз 2019 ж. 1 013 0