Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 наурызға арналған ауа райы болжамы

26 наурызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Оңтүстіктің кей жерінде қатты жауын-шашын жауып, тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында  ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, кей жерінде 23 м/с күшейеді. 
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай болып, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ  болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 
Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. 
Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстанда, түнде және таңертең Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болады.
baq.kz
26 наурыз 2019 ж. 989 0