Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, 17 қазанда еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты жауын-шашын болады.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыста күн ашық болады. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ байқалады.
Aқмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні кей жерде 23 м/с болады, кей жерде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады, түнде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Aтырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел жылдамдығы 17-22 м/с дейін жетеді.
baq.kz
17 қазан 2018 ж. 1 907 0