Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

28 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп болжайды синоптиктер.

Кей жерлерде жауын-шашын жауады, солтүстікте көбіне қар жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында бейсенбі жауын-шашынсыз өтетіні күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады деп болжанады.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында сондай-ақ тұман болжанады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 28 м/с артады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
baq.kz
28 ақпан 2019 ж. 1 409 0