Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сыбайлас жемқорлық дерегі азайды

Қызылордада сыбайлас жемқорлық дерегі азайды

Қызылорда облысында «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасы аясында 698 мекеменің бюджеті арнайы платформаға енгізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов мәлімдеді.
Кез келген адам тиісті салаға бөлінген қаржыны көре алады. Жоба іске қосылғаннан бастап денсаулық сақтау және құрылыс салаларына байланысты 3 өтініш және 2 ұсыныс түсті. Барлығына тиісті жауаптар берілді.
«Аймақта сыбайлас жемқорлық дерегі біршама азайды. Яғни, өткен жылы 103 қылмыс, ал биыл 63 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, арнайы мониторинг топ және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы мүшелерінің қатыстырылуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 14 мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 45 ұсыным берілді. Бұған қоса, «Protecting bussines and investments» аясында инвесторлардың жалпы құны 554,3 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба қаралды. Жоба аясында кәсіпкерлерден 61 өтініш келіп түсті, оның 33-і қанағаттандырылды, қалған 28-і бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, салық органдарында тіркеу, мемлекеттік жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша тендерге қатысу және жер мәселелері бойынша 4 кәсіпкерге көмек көрсетілді», – деді облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.
kyzylorda-news.kz​​​
09 желтоқсан 2020 ж. 339 0