Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 желтоқсан – Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күрес күні

11 желтоқсан – Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күрес күні

Денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 11 желтоқсан жыл сайын өкпенің аса ауыр ауруларының бірі – бронх демікпесімен күресу күні ретінде атап өтіледі.
Бронх демікпесі – бұл тыныс жолдарының созылмалы қабынуы, жөтел, ентігу (тұншығуға дейін), ысылдау және кеудедегі бітелумен сипатталатын ауру.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде осы аурумен 300 миллионға жуық науқас бар.
«Бронх демікпесін толық емдеу мүмкін болмағанымен, ерте диагноз қою және дұрыс тағайындалған емдеу пациенттерге белгілері едәуір жеңілдетуге және жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Бронх демікпесі ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілетін созылмалы аурулар тізбесіне кіреді. Осы ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді тегін ала алады: преднизолон, сальбутамол, сальметерол+флутиказона пропионат, беклометазон, будесонид, флутиказон, циклезонид, будесонид фумарата дигидрат, сондай-ақ балаларға монтелукаст препараты берілуі тиіс.


kyzylorda-news.kz
10 желтоқсан 2020 ж. 312 0