Маман телефондағы WhatsApp чатына қатысты кеңес береді

Маманның айтуынша, егер бастапқыда деректерді күнделікті іске қосу (активация) таңдалмаса, оны жаңа құрылғыға ауысатын кезде істеу керек.
Сол арқылы телефондағы барлық деректі, суреттерді бұлтқа (cloud) ауыстыруға болады. Бұдан соң деректерді қалпына келтіру оңай.
Жаңа смартфонды іске қосу кезінде телефон нөмірі қолданылады, сол арқылы бұлттан барлық дерек құрылғыға өтеді.
"Мұның бәрі сақталған ақпарат көлеміне байланысты бірнеше минут алады. Айтарлықтай мәселе туындамайды", - деп түйіндеді сарапшы.
Айта кетейік, мамандар гаджеттің істен шығуы мүмкін екенін қуатының тез таусылуы, себепсіз қызып кетуі, сенсордағы ақау арқылы білуге болатынын айтты.
sputnik.kz