Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыспен қамту: Қызылордада 291 жобаға 40 млрд теңге бөлінді

Жұмыспен қамту: Қызылордада 291 жобаға 40 млрд теңге бөлінді

Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда, деп мәлімдеді Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.

Оның айтуынша, 291 жобаға бюджеттен 40,1 млрд теңге бөлінді. Бүгінде аталған жобаның 204-і аяқталып, пайдалануға берілді. 9949 адам жұмыспен қамтылды.
Жол картасы шеңберінде жұмысқа тартылғандардың 76,3 пайызы жергілікті тұрғын, 42,5 пайызы жастар, 8,5 пайызы аз қамтамасыз етілген жанұядан, 1,7 пайызы мүгедектігі бар азамат. Жоба аяқталғаннан кейін 452 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бүгінде оның 97-сі ашылды. Қалған жобалар келесі жылы жалғасын табатын болады, - деді Дәулетбаева.
baq.kz​​​
24 желтоқсан 2020 ж. 379 0