Педагог күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті

«Бұл бағытта батыл шаралар қолға алынды. Заң қабылданды, норма нақты бекітілді, заңға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Қазір барлық процестерді реттеудің нақты тетіктері бар. Қазір біз педагогтың күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін бекіттік, олар – сынып журналы, қазір оны көпшілігі электронды түрде толтырады және сабақ жоспары. Одан басқа құжаттарды мұғалім күнделікті толтыруға міндетті емес. Жылына бір рет күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалады», - деді А. Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Сондай-ақ, министр педагогтан артық есеп сұрау бойынша шағымдар келіп түскенін және нақты шаралар қабылданғанын айтты. «Биылғы жылдың өзінде осы норманы бұзу бойынша білім беру ұйымдарының 50-ден астам басшысы жазаланды», - дейді Білім министрі.