Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Қызылордада қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)


Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше қалада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты анықтады.
Комитеттің дерегінше қылмыстық топ Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Қылмыстық істі тергеу шаралары қысқа уақыттың ішінде атқарылды.
«Күдіктілердің арасында бір Германия азаматы да бар. Барлығы 7 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың заңсыз ойын бизнесінен тапқан табысы 800 миллион теңгеден асып түскен. Бүгінде Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру, заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, жалған айғақтар беру бойынша сотқа жіберілді» , – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотының басты талқылауында қаралуда.


kyzylorda-news.kz
25 желтоқсан 2020 ж. 337 0