Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 тонна киік мүйізі тәркіленді

1 тонна киік мүйізі тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен тасымалдаған қылмыстық топты анықтады деп хабарлайды inform.kz.
«2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұзақ уақыт бойы заңсыз киік атып, олардың мүйізін Қытайға контрабандалық жолмен тасымалдайтын ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.
Тексеру барысында жедел-тергеу тобы 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін алды», — делінген комитеттің ресми хабарламасында.
Мамандардың есебі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке 5 млрд 664,6 млн теңге шығын келген.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 339-бабы (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, оның 9-ы сот санкциясымен қамауға алынды. Күдіктілердің барлығы – Қазақстан Республикасының азаматтары.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», — деді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.
28 қазан 2019 ж. 1 005 0