Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО тұрғынынан 70 дана киік мүйізі тәркіленді

БҚО тұрғынынан 70 дана киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы тұрғынының автокөлігінен 70 дана киік мүйізі тәркіленді,  "Биыл 23 маусымында полиция қызметкерлері сағат 00.20-да Казталов ауданының Казталов ауылында "ВАЗ-2121" маркалы автокөлікті тоқтатады. Автокөлікті 1992 жылғы Жәнібек ауданының тұрғыны басқарған. Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде қара сөмкеге салынған 70 дана киік мүйізі табылды", - делінген хабарламада.  Осы дерек бойынша Казталов ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://kaz.tengrinews.kz
24 маусым 2019 ж. 849 0