Заңсыз аңшылық үшін сотталды

Сот үкімімен И., Д. және Ә. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқықтарынан айыра отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш- 48100 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.
Заттай дәлелдеме ретінде танылған аңшы мылтығы мен «Урал» маркалы мотокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі