Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Бұдан әрі сотталушы Ж. қылмыстық әрекетін одан әрі қарай жалғастырып, осы түні сағат 06:00 шамасында азамат И-дің ауласынан электрлі құрал-жабдықтарын жасырын ұрлап, соңғыға 80 000 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі