Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – татуласудың төте жолы

Медиация – татуласудың төте жолы

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған Ж-ның қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж.14 наурыз 2018 жылы түнгі сағат 01:30 шамасында, бөтеннің мүлкін тұрғын үй-жай ауласына заңсыз кіру жолымен жасырын ұрлау мақсатында, Құлтасов көшесі бойында орналасқан №42 тұрғын үйдің аула ішіне заңсыз кіріп, сол сияқты аула ішінде тұрған «УАЗ» маркалы автокөлікке заңсыз еніп, жүргізуші орындығының астында тұрған қара түсті «Волдер» маркалы аккумуляторын жасырын ұрлап, жәбірленуші К-ға 30 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Сотқа кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевпен куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан, келген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.
Осының негізінде сотталушы Ж. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
24 сәуір 2018 ж. 1 077 0