Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиция тәртібімен қысқартылды

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиция тәртібімен қысқартылды

Қазақстан Республикасында дауды оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде реттеуге бағытталған «Медиация туралы» Заңының қолданылып келе жатқанына міне жеті жылдан астам уақыт болды.Аталмыш Заң осы уақыттары қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша да қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылып, өз нәтижесімен «Медиация туралы» заңның тиімділігін көрсетіп келеді.
Айталық, Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Б. кафеде отырғанында бар столының үстінде бар қызметшісінің ұялы телефоны тұрғанын көріп, оны жымқыру ниеті туындайды. Осы қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында, ол айналасында іс-әрекетін бақылап тұрған адамдардың жоғын байқап, ұялы телефонды жасырын жымқырған. Осылайша ол, өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленуші А-ға 25 000 теңгеге мүліктік шығын келтірген.
Сотта тараптар кәсіби медиатормен бекітілген, дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісімді сотқа ұсынған. Медиативтік келісімге сәйкес, Б. мен А. медиация тәртібімен татуласқан, келтiрiлген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.
Осының негізінде, сотталушы Б. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.
Осылайша медиацияның қылмыстық процесте қолданылуы, сотталушымен жәбірленушіге келтірілген залалдың тез өтелуіне, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру жазасына сотталатындардың санын азайтуға, қылмыстық жауапқа тартылғандардың қоғамнан оқшауланбай түзелуіне мүмкіндік бермек.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
19 сәуір 2018 ж. 1 813 0