Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқарды

Мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқарды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. 2018 жылдың 12 сәуірі күні сағат 01:00 шамасында, бөтеннің мүлкін тұрғын-жайға заңсыз кіру жолымен жасырын ұрлау мақсатында Арал ауданы, Тоқабай елді мекеніне барып, К-нің тұрғын үйіне жапсарлас орналасқан мал қорасына заңсыз кіріп, екі бас қошқарын жасырын ұрлап алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің көмегімен «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес, сотталушы мен жәбірленушілердің арасында татуластыру рәсімдері өткізіліп, нәтижесінде тараптар татуласып, қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде өтініштер білдірген.
Осының негізінде сотталушы Н. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
17 мамыр 2018 ж. 1 314 0