Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін екі жылға шектеу жазасы тағайындалды

Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін екі жылға шектеу жазасы тағайындалды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. 12 наурыз 2018 жылы түнгі сағат 23:50 шамасында, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, Сексеуіл темір жол вокзалының перронында орналасқан дүкеннің есіктеріндегі құлыптарын бұзып, дүкен ішіне заңсыз кіріп, 37 800 теңге ақша қаражатын және сөреде тұрған құны 2200 теңгенің заттарын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
05 мамыр 2018 ж. 1 330 0