Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – татуласудың төте жолы

Медиация – татуласудың төте жолы

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған Ж-ның қылмыстық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж. 26 мамыр 2018 жылы сағат 14:00 шамасында, бөтеннің мүлкін тұрғын үй ауласына заңсыз кіру жолымен жасырын ұрлау мақсатында, Арал қаласы, Алтынсарин көшесі № 2а үйдің тұрғыны азамат Б-ның үйінің ауласына кіріп, гараж ішінен электрөлшегіш құрылғысын жасырын ұрлап, жәбірленуші Б-ға 50 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Сотқа кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевпен куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан, келген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.
Осының негізінде сотталушы Ж. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
09 шілде 2018 ж. 865 0