Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық жұмысқа тартылды

Қоғамдық жұмысқа тартылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, 25 шілде 2018 жылы жергілікті уақытпен сағат 14:25-тер шамасында, Арал-Шеп бекетінде полиция қызметкерлері азамат С-ның басқаруындағы «Лада-21144» маркалы автокөлігін тоқтатып, қызметтік иттің көмегімен автокөлікті тексергенде, резеңке төсеніштің астынан ерекше иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат табылған, яғни ол жалпы салмағы 2,43 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 150 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
27 тамыз 2018 ж. 1 165 0