Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот үкімімен 150 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

Сот үкімімен 150 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. 18 мамыр 2018 жылы сағат 20:50-лер шамасында, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі бойында жүріс-тұрысына күмән туғандықтан оның жеке басын анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған тексеру жүргізгенде, үстіне киген көк түсті джинси шалбарының артқы оң жақ қалтасынан ақ қағазға оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар, есірткілік зат-кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 150 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
12 маусым 2018 ж. 1 126 0