Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық соты қылмыстық істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарады.

Арал аудандық соты қылмыстық істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарады.

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат Р-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А.Рашов 24 мамыр 2018 жылы сағат 13:40-шамасында Арал қаласы, Рысқалов көшесінде жүріс-тұрысына күмән туғандықтан, жеке басын анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған тексеру жүргізгенде, жеңі жоқ курткасының оң жақ қалтасынан ақ қағазға оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар, есірткілік зат-кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен азамат Р. қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 60 125 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
05 маусым 2018 ж. 1 474 0