Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын пайдалану үшін қанша уақыт беріледі?

Зейнетақы жинағын пайдалану үшін қанша уақыт беріледі?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржының бір бөлігін пайдалану тәртібін түсіндірді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Банктегі арнайы шотқа аударылған жинақ 45 жұмыс күні ішінде пайдаланылмаса, қаржы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылады.

«Зейнетақы жинағы арнайы шотта 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс немесе салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуы керек. Біріншіден, азаматтар өз зейнетақы жинағындағы қаржыны тексеріп, жеткілікті шектен асатын қажетті соманың бар екеніне көз жеткізуі керек. БЖЗҚ-да жиналған қаржы туралы мәліметті қордың сайтынан немесе ұялы телефондағы қосымшалар арқылы алуға болады», – дейді БЖЗҚ мамандары.

Ресми мәліметке сәйкес, 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 триллион теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығына ие болады.
aikyn.kz
30 желтоқсан 2020 ж. 385 0