Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ зейнетақы мен төлемдерге қатысты ақпарат жариялады

БЖЗҚ зейнетақы мен төлемдерге қатысты ақпарат жариялады

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында зейнетақы қоры салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледіНҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады, деп жазылған қордың сайтында.
Жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның ішінде:
  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 30,2 млрд теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 млрд теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 млрд теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 млрд теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 805 млн теңге.
Ең төменгі ай сайынғы төлем (зейнет жасына толуға байланысты) 22 535 теңге, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ өз салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледі.

Зейнетақы жинағының 10%-ін пайдалану ұсынысы

Өткен аптада БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің басшысы Евгений Сейпульник карантин кезінде есепшоттағы ақшаның 10 процентін пайдалануды ұсынған болатын. Оның айтуынша, әр салымшы өз жинағының 10%-ін мерзімінен бұрын шешіп алса, халыққа біраз көмек болатын еді.
Кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл ұсынысқа қатысты өз ұстанымын жариялады.
Қор мамандары пандемия кезінде мемлекет тарапынан азаматтарды бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен қолдау шараларының қолға алынғанын жеткізіп, төтенше жағдайдан туындаған мәселелер зейнетақы жинағы есебінен шешілмейтінін ерекше атап өтті.
Салымшыларға зейнетақы жинағын жеке қажеттілігі үшін пайдалану мүмкіндігін беру туралы бастамасы Сейпульниктің  жеке пікірі болып саналатынын жеткізді.
sputnik.kz
30 қараша 2020 ж. 342 0