Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді

Олар – бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген "ұйқыдағы" шоттар. Арасында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.
Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 миллиард теңгеге 523 202 жарна келіп түсті.
Осылайша БЖЗҚ "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.