Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8млнтеңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).
Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты. 
Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.
2019 жылдың екі айы ішінде зейнетақы төлемдері 43,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 62,8 млрд теңге төленді. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.      
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте электрондық тәсілмен қызмет көрсету басымдыққа ие – 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берілген үзінді көшірмелерді есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.
«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.
2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдімекендердің тұрғындарынан) 21 986 жарна келіп түсті. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетін зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.  
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
03 сәуір 2019 ж. 955 0