Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ инвестициялық портфелі

БЖЗҚ инвестициялық портфелі

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруындағы БЖЗҚ АҚ-ның зейнетақы активтері 9 378,03 млрд. теңгені құрап, бір жылда 1 603,21 млрд. теңгеге яғни, 20,62 пайызға өсті.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 2018 жылы 917,1 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстылығының мөлшері 2018 жылы 11,27 пайызды құраса, бұл кездегі инфляция 5,3 пайызды көрсетті.Осылайша зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2018 жылы 5,97 пайыз болды.
Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (43,27 пайыз) тиесілі. Есептік күнге дейін теңгеде номиналданған мемлекеттік құнды қағаздар бойынша өтеуге қатысты орташа табыстылық жылына 6,9 пайызды, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің 13,86 пайызын құрады. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін теңгеде номиналданған ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларына – жылдық 5,0 пайызды құрады.
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы активтері портфеліндегі депозиттер үлесі 2,9 пайызды құрап, олардың өтеуге қатысты орташа табыстылығы жылдық 9,6 пайызды көрсетті.
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары зейнетақы активтері портфелінің 13,5 пайызын құрады. Теңгеде номиналданған облигацияларды өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 10 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсетті.
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай шетелдердің мемлекеттік құнды қағаздарына шетел валютасында номиналданған инвестициялар үлесі 12,7 пайызды құрап, өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,9 пайызды көрсетті.
Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюта бойынша қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген: құнды қағаздардың 67,2 пайызы ұлттық валютада инвестицияланған , АҚШ долларында – 32,37 пайыз , өзге валюталарда – 0,4 пайыз.
Сенімгерлікпен басқарудағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрылымдық бөлуі БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді. Зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында жарияланған.
05 ақпан 2019 ж. 1 028 0