Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы көлік салығы қалай төленеді?

Келесі жылы көлік салығы қалай төленеді?

Көлік салығын төлеуді 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардың өтініштеріне байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат таратты.

Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек. Тиісінше, көлік салығының сомасы 2020 жылғы 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады, - деп хабарлады комитет.
Еске сала кетейік, жоғарыда көрсетілген мерзімде АЕК мөлшері 2 651 теңгені құрады. 
Сәйкесінше, салық осы көрсеткіштен есептелетін болады.
2021 жыл үшін көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады.
Еске салайық, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі өзгермейді, салықтардың осы түрлері бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін орындалуы керек.
Сондай-ақ келесі жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген салықтарды жаңа формада - біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейтін болады.
baq.kz
30 желтоқсан 2020 ж. 1 324 0