Әмиянынан ақшасын алып қайыршыға берген оқушы қыз «Жыл меценаты» атанды
Жақында "Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық "Қызық премия 2020" бағдарламасы өтіп, биылғы жылды қорытындылады. Биыл "Қызық премия 2020" бағдарламасында "Жыл меценаты" номинациясы бойынша жеңіске ақтаулық 10 жасар қыз Сабина Ерғалиқызы жетті, деп xабарлайды Oinet.kz.
Еске сала кетейік, биыл әмиянынан ақшасын алып, қайыр сұрап тұрған азаматқа апарып берген оқушы қыз Сабинаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен болатын. Бұны көрген жұрт Сабинаға сүйсініп, оған жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Сабина қайыр сұраған кісіге өзіне планшет сатып аламын деп жинап жүрген ақшасынан берген екен. Оның айтуынша, көше бойында тұрған кісіні сол жерден жиі көреді екен. Ылғи мұқтаж күйде көргендіктен, еш жасқанбай қайырымдылық жасауға бел буыпты.
- Мен ол кісіге ақша бердім. Өйткені ол қарны ашқан екен деп ойладым. Оған ақша бердім. Ол ағайды мен күнде көремін. Сол үшін мен одан қорықпаймын, - деген еді Сабина Ерғалиқызы бір сұxбатында.
Биыл осы іс-әрекетін үшін "Қызық премия 2020" бағдарламасы Сабинаны үздік деп танып, оған салтанатты түрде сый-сияпат жасады. "Қызық Live" ұжымының атынан жиналған 500 мың теңгені танымал меценат Қайрат Құдайберген Сабина Ерғалиқызына табыстады.
- Сабина барлығымызға үлгі. Жүрегі ашық. Сол себепті Сабина осы премияға лайық, - деп Сабинаға раxмет айтты.