Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайратқа тиіскені аздай бізді сығалай бастады...» әншінің анасы көпшілікке ызалы

«Қайратқа тиіскені аздай бізді сығалай бастады...» әншінің анасы көпшілікке ызалы

  Гүлзира Айдарбекова көпшілік көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Айтуынша Қайраттың балалардың тамақтануына кейде 180-200 мың теңге кететін көрінеді. Ал Қайрат көшеде кездескен қайыр сұраушыларға 10 000- 20 000 тг көлемінде ұстататынын да жасырмады
Бұл туралы жұлдыздың анасы инстаграм парақшасында жариялады. «Менің парақшама, әпке Қайраттың 180-200 мыңға түскі ас ішетіні қаншалықты шындық деп сұрақ қойылып жатқанына қарағанда, азғырушылар жұртты екі ойлы етіп тастаған сияқты. Тойға барғанымда журналистер бір емес бірнешеуі өтініш жасап сұрақты жаудырды рас. Біреуінің сұрағы: Қайраттың табысы қанша және 30пайызын өзі алатыны рас па?-деп сұрады. Білгендей айтып өттім, сендерге сұxбат бергім келмейді, жартысын кесіп тастап кінәлі етіп бірақ шығарасындар деп. Сол сөзді естіген соң, мұншалықты іс жасамас деген ой болып, көкірек кермей сұрақтарына жауап бердім. Мен 70% ақшасын алғаныммен әні бар, клип, кино дейміз, киім, қаншама жұмыскерлердің айлығы, табысының налогы бар, табысына қарап қайырымдылық пайызы тағы бар, үйден бастап қаншама керек жарағын өздеріне үнемдеп отырғаным болмаса, ал 30% ін өзі алса, Қайраттың да берері бар адамдары көп, тамағының өзін жәй асxанадан танымал болғандықтан іше алмайды, мейрамxаналар қымбат білесіздер, кей кездері балалармен түскі астың өзіне 180-200 мың тенге кетіп қалуы мүмкін дегенмін. МЕН КҮНДЕ ТҮСКІ АС ішуіне бір өзіне 200 мың теңге кетеді дегенім жоқ. Әр адам өзінің табысына қарай өмір сүретіні анық. Мысалыға көшеде біреу қайыр сұрап отырса 100-200 теңге беруіңіз мүмкін табысыңызға қарай,мен баламнан байқайтыным: біреу көше сыпырып жүрсе де кідіріп 10000-20000 теңге ұстатып кетеді. Екі жүз теңгеге балаларына түк алып бара алмайды ғой, берген соң дұрыстап берейікші деген сөзін есітіп жүрегім жылып қалады.Қаншама адам, айлық алып бала-шағасымен қосып ата-анасын бағып отырғандары да оны қуантады. Неге сол ақшасына біреуге үй әпермейді дейтіндер тола, оның не беріп жатқаны бір Аллаға аян, сол себепті ғайбаттап сөйлеу артық. Неге ол жеп-ішпеу керек, ұрлық жасап, адам өлтіріп бір семьяны зар жылатып тауып жатқан жоқ қой 30 ға толды деп туған күн жасағаны біраз адамның өзегін өртесе керек, Қайратқа тиіскені аздай бізді сығалай бастады. Елді шулатып подписчик жинап алу үшін, сөзіңді кесіп тастап, айқайлатып тұрып атыңды шулы етіп, тақырып қойып қоятынын қайтерсің.Өздеріңіз көкке көтерген Қайратты бір-ақ сәтте азғырушыларға еріп даттай салатындарыңыз жүрегімізге найза болып қадалады. Қашанғы көзсіз соқыр болмай, біріккен ел боламыз?» 
alashinform.kz
02 наурыз 2019 ж. 1 237 0