Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өлтіреміз деп қорқытты»: Қайрат Нұртастың әйеліне қоқан-лоққы көрсетті

«Өлтіреміз деп қорқытты»: Қайрат Нұртастың әйеліне қоқан-лоққы көрсетті

Жақында ғана 30 жасқа толған Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы үйленген соң табынушылары келінін қорқытқанын айтты. Продюсер Қайраттың жеке өмірін оған ғашық қыздар үшін жасырған болып шықты деп жазады «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
Ұлының жастық шағын еске алған Айдарбекова Қайраттың жеке өмірін неге жасырғанын түсіндірді.
«Қайраттың тойы Алматыда өтті. Барлық әншілер келді. Бір қызығы, Сезім дүниеге келгенде «Тәтті сезім» деген концерт өткіздік. Сонда мен қыздардың ашуланып, жылап бара жатқанын көрдім. Кейін Жұлдыздың анасы айтты. Сол кезде қыздар «Қайрат үйленген екен ғой» деп жылаған екен. Сосын мен қыздардың жүрегін ауыртпай-ақ қояйыншы деп ойладым», — дейді ол.
Әншіге ессіз ғашық болған қыздардың махаббаты тек Қайратқа ғана емес, Жұлдызға да әсер еткен екен.
«Бір күні Жұлдыздың көзі бақырайып кетіпті. Сөйтсе, қыздар оған «Сенің кесіріңнен Қайрат өз-өзіне қол салыпты, енді біз сені өлтіреміз» деп айтыпты. Мен оған «олай айта береді, ешкім сені өлтірмейді, қорықпа» дедім. Ол кезде олар балапан еді ғой», — дейді продюсер.
 
Оған қоса, Айдарбекова алғаш келгенде келіні Жұлдыздың «ақ саусақ» болғанын, алайда уақыт өте дәмді тағам әзірлеуді де үйреніп кеткенін алға тартты.
«Қайрат үйленгенде 18 жаста болды. Олар, тіпті, бөпе болатын. Бірде мен қонаққа кетіп қалғанмын. Жұлдыз тамақ істей алмайды. Маған телефонмен хабарласып, «Палау істейміз, май құйдық, ары қарай не саламыз, пияз ба әлде ет пе деп сұраған. Мен асықпай айтып отырдым. Екеуі жасапты. Бірақ, өте дәмді болған. Солай-солай үйреніп кетті.
Маған келген кезде Жұлдызды шәйнектің құлағын ұстамаған қыз деп айтқан. Бірақ, ол бәрін жаймен үйренді. Қазір Жұлдыздың жасаған тамақтары бал татиды. Менің келінім сияқты ешкім жасай алмайды деп ойлаймын», — дейді Айдарбекова.
www.qazbrand.info
27 ақпан 2019 ж. 1 816 0