Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Гүлзира Айдарбекова Қайраттың ақшасына бүкіл отбасын асырап отыр дегендерге жауап берді

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың ақшасына бүкіл отбасын асырап отыр дегендерге жауап берді

Мерекелік шаралардың бірінде Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне экслюзивті сұхбат берген Гүлзира Айдарбекова Қайратпен өзара келісім-шарт бар екенін растады.


Бұған дейін әнші анасымен бір келісімге келіп, енді өзінің пайыздық мөлшердегі еңбекақысын алатындығын отандық музыкалық арналардың бірінде айтқан еді. Ол сұхбаттан соң «Анасы баласының ақшасына күн көреді» деген іспеттес теріс пікірлер ел арасында толып кетті. Ал, Қайраттың өмірдегі де, өнердегі де анасының айтары басқа.
«Қайрат төрт баланың әкесі ғой. Бірақ, маған әрдайым бала болып қала береді. Егер баланың қолына бүкіл ақшаны беріп қоятын болсам, ол бұзылып кетуі де мүмкін еді. Мен ақшаны ұстасам да, ақшаның бәрі солардікі. Оларға үй, көлік, азық-түлік, киім керек, басқа қажеттіліктеріне арналған ақшалары бар, қалталарына салатыным бар, бәрін мен өзім бөліп отырамын. Мына ақша мына жаққа, мына ақша мына жаққа деп», – дейді Гүлзира Үсенқызы.
Ақшаны есепке жақын, ысырапқа қарсы адам ұстаса берекелі болады. Алайда, Гүлзира ханым ешқашан ұлын ақшадан тарықтырмағанын, үнемі қажеттілігін өтейтін қаржыны қалтасына салып бергенін жасырмай айтты.
«Қайраттың бір күндік ішім-жемі аз емес. Қасындағы барлық балаларын тамақтандырып жүреді. Олар кез-келген арзан жерге отырып тамақтана салмайды. Ең кемі түстік асына 180 000-200 000 теңге жұмсайды. Ол үшін ешқашан сөйлеген немесе қолын қаққан емеспін. Бірақ, жиі сұрай беруге ұялады екен. Бұл туралы көмекшіме айтыпты. Содан әкесі екеуміз бірден келістік», -дейді продюсер.
Тіпті, Қайраттың табысын өзге ұлдарына да бөлмейді екен. Қос бауыры да көпбалалы әкеге масыл болудан ұялады.
«Негізі келген табыстың 70% мен өзіне жұмсаймын. Концерті бар, киімі бар, клип бар. Мұның бәрі ақша ғой. Болашақта ән айтып жүре бермейді. Уақыты келіп, тоқтаған кезде жасайтын бір жұмыс орны болсын деп әкесі екеуміз шырылдап жүрміз. Оны да қарастырып жатырмыз. Мен Қайраттың тапқан табысын екі балама бөліп беріп жүрген жоқпын. Олар ешқашан ағаларынан ақша сұрамайды. Еңбек етіп, ақша табуға ептері бар», – дейді Айдарбекова.
stan.kz
01 наурыз 2019 ж. 1 332 0