Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баян Алагөзова қызы Айсәуленің тойы қашан болатынын айтты

Баян Алагөзова қызы Айсәуленің тойы қашан болатынын айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекке сүйіктісі ұсыныс жасаған болатын. Арада көп уақыт өтпей танымал продюсер қызының тойына дайындалып жатқанын айтып қалды. Алайда одан кейін үнсіз қалды.

Айсәуленің тойы бола ма? – Енді көпшілікті осы сұрақ мазалай бастады. Баян Мақсатқызы көптің көкейіндегі сауалдарға НТК арнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Негізінде мен қызымның тойына дайындалған жоқпын. Қазіргі уақытта менің қызым атастырылған. Ол ресми түрде “қалыңдық” деген атқа ие болды. Менің кереметтей болашақ күйеу балам Әлішердің қалыңдығы”, – деді продюсер.
Баянның айтуынша, Әлішер Айсәулеге ұсыныс жасамас бұрын той күнін белгілеп қойған. Ғашықтардың үйлену тойы 2019 жылдың 9 наурызына жоспарланыпты.
“Қыз ұзатуды одан бір апта бұрын жасаймыз. Мен өзім де білген жоқпын. Жақсы ене болатын сияқтымын. Әлішермен ара-қатынасымыз жақсы. Әрі менің бір жақсы қасиетім бар – ешкімнің жеке өміріне араласпаймын. Сол сияқты өзімнің де жеке өміріме ешкімді араластырмаймын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы – қызымның бақытты болғаны. Бұл жас отбасыға мен тек қана бақыт тілеймін. Мен үнемі Айсәулеге “өз мәселеңді өзің шеш” деп айтып отырамын”, – деп ағынан жарылды Алагөзова.
Бұдан бөлек, Баян Мақсатқызы өзінің жеке өміріне қатысты да сырымен бөлісті.
“Бақыттымын немесе бақытсызбын деп айтудың өзі дұрыс емес сияқты. Кез келген адамның өмірінде қуанышты сәттер де, қиыншылықтар да болады. Әрине, бақытты сәттер көп”, – деді Баян.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshowарнамыздан оқыңыздар.
Stan.kz
13 қыркүйек 2018 ж. 2 280 0