Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Айыппұл бес есеге өседі": көлік жүргізушілері нені білуі керек

"Айыппұл бес есеге өседі": көлік жүргізушілері нені білуі керек

Биыл Қазақстанда экологиялық нормадан артық газ бен қатты дыбыс шығарытын көліктерге айыппұл көлемі өседі НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 2021 жылдың шілде айынан бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын және қатты гүрілдеп жүретін көліктердің айыппұлы өседі.
Айта кетейік, өткен сенбі, 2 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын. Осы өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ауаны ластайтын заттарды және дыбысты тиісті нормадан артық шығаратын көлік құралдарына ескерту жасалады не болмаса, айыппұл салынады. Құжатта айыппұлдың көлемі де көрсетілген.
  • жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК немесе 29 170 теңге (қазіргі кезде осы айыппұлдың көлемі 2 АЕК-ті – 5 834 теңгені құрайды);
  • заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК немесе 291 700 теңге.
Бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі еселенеді.
  • жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК немесе 58 340 теңге;
  • заңды тұлғалар үшін –  200 АЕК немесе 583 400 теңге.
07 қаңтар 2021 ж. 335 0