Қыс туралы қызық деректер
Біреулер үшін қыс жылдың ең керемет мезгілі болса, басқалар үшін онша ұнатпайтын маусым. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты – кейбіреу аязды, үлпілдек қар жамылған табиғатты ұнатады, ал басқалары қыстан тек балшық пен суықты көреді.
♦ Бір қызығы, әлем халқының жартысына жуығы өмір бойы нағыз қарды ешқашан көрмеген.
♦ Қыс біздің елге желтоқсан, қаңтар және ақпанда, ал оңтүстік жарты шардағы елдерге маусым, шілде және тамызда келеді.
♦ Астрономиялық қыс 21 желтоқсаннан 21 наурызға дейін созылады.
♦Мәскеуде 1944 жылы 30 сәуірде ең қалың қар жауған. Сол кездегі қар ұлпасының көлемі адам алақанынан да үлкен болған.
♦ Еуропалық социологтар тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама барысында қызық қорытынды жасаған – қыста туған сәбилердің 100 жасқа жетуі жазда туған сәбилерге қарағанда 16 пайыз жоғары.
♦ Қыста туғандар төзімді және көбіне спортта жақсы нәтижелерге жетеді.
♦ 2012 жылы Венецияда қыс қатты болғаны сонша – қала толықтай мұз айдынына айналған. Осындай жағдай 1985 жылы байқалған.
♦ 1468 жылы аяз болғаны сонша – қатты суықтан Бургундия жертөлелеріндегі шараптар қатып қалған.
♦ Қар ұлпасының өрнегі адамның саусақ ізі сияқты, әрқашан бір-бірінен ерекшеленеді.
♦ Адамның қолына түскен қардың ең үлкені диаметрі 38 сантиметрлік қар саналады.
♦ Қысты ұнатпайтын адамдар сирек кездеседі, бірақ одан қорқатындар бар. Олар суыққа шыдамай, қардан, тіпті мұздан қорқады. Психологтар оны "кинофобия" деп атайды.
♦ Қыстағы ең суық температура 2013 жылдың 8 желтоқсанында Антарктидадағы жапон станциясында (-91,2ºС) тіркелген.
massaget.kz