Қызылордада 90 млн-нан астам қаржы жымқырған алаяқ сотталды

Оқиға 2019 жылдың тамыз айынан бастау алды. Ол «WhatsApp» желісінде «Ай-шуақ» тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Топқа қосылған бірінші қатысушылар алғашқы салымдарын салып, 40 пайыз үстемесімен өз қаражаттарын қайтарып алып отырғаны белгілі болды. Жалпы айналымдағы қаржы 1 млрд 695 млн 538 мың теңгені құраған. Уақыт өте келе, артынан кірген пирамида қатысушыларына, құр уәде үйіп-төгіп, көзден таса болған.
Осы аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
kyzylorda-news.kz