Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтарда елімізде қай мамандықтар бойынша тапшылық байқалды

Қаңтарда елімізде қай мамандықтар бойынша тапшылық байқалды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) деректері бойынша 2021 жылғы қаңтарда Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 60,4 мың бос жұмыс орны және 65,6 мың түйіндеме орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша орналастырылған бос орындардың 21 пайызы және түйіндемелердің 44 паызы білікті емес жұмыс күшіне жатады. Біліктілігі жоқ жұмыс күшінің арасындағы кәсіптер топтары бөлінісінде жұмыс берушілер жұмысшылар бойынша ең үлкен қажеттілікке ие (қосалқы жұмысшы, ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу бойынша біліктілігі жоқ жұмысшы және т.б.) – 4,9 мың бос жұмыс орны (жалпы санынан 8%), қонақүйлердегі және ұқсас мекемелердегі еден жуушылар мен қызмет етушілер – 1,7 мың (2,8%) және ашық аумақтардың аула сыпырушылары/еден жуушылары – 1,5 мың (2,6%) байқалды», – делінген Еңбек министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Білікті жұмыс күші үшін бос жұмыс орындарының ең көп саны орта мектеп мұғалімдеріне – 2 мың (3,3%), күтім бойынша орта медициналық персоналға – 1,6 мың (2,7%), сондай-ақ мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілерге (1267 немесе 2%) келеді. ЭЕБ орналастырылғандардың ішінде біліктілігі жоқ жұмыс күшінің түйіндемелерінің негізгі бөлігі біліктілігі жоқ жұмысшылар бойынша – 18,5 мың (28%), ашық аумақтарды жинаушылар/жинаушылар – 3,9 мың (5,9%), сондай-ақ тасушылар мен ұқсас қызметтегі жұмысшылар - 1 мың (1,6%). Білікті жұмыскерлердің түйіндемелері арасында ең көбі орта мектеп мұғалімдері – 2,3 мың (2,9%), заңгерлер – 1,3 мың (2%), бухгалтерлер мен кәсіби мамандар - 1,1 мың (1,7%).
ЕРДО сарапшыларының қорытындысы бойынша, өткен айда еңбек нарығында біліктілігі төмен жұмыс күшінің артығы қалыптасты – түйіндемелер саны олар үшін бос орындар санынан 3,8 есе асып түсті. Аула сыпырушылар мен тазалаушылардың позициялары үшін сұраныс пен ұсыныста ең үлкен алшақтық байқалады – түйіндемелер саны бос жұмыс орындарына қарағанда 2,6 есеге көп.
«Жалпы, жағдай 2020 жылдың қаңтарында болған жағдайға ұқсас. Бір жыл бұрын біліктілігі жоқ қызметкерлердің орналастырылған түйіндемелерінің саны 15,6 мыңды, ал бос жұмыс орындарының саны тиісінше 6,2 мыңды құрап, ұсыныс сұраныстан 2,5 есеге асып түскен болатын. Аула сыпырушылар мен тазалаушылар үшін бос жұмыс орындарының саны 1,6 мың, ал түйіндемелер – 1,9 мың немесе 19% – ға артық болды», – деді ЕРДО Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.
Өңірлер бөлінісінде бос орындардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында (8 мың), Қарағанды және Қостанай облыстарында (5,7 мыңнан), сондай-ақ Алматы қаласында (5,2 мың) орналастырылған. Ең азы – Солтүстік Қазақстан (1,4 мың) және Қызылорда (1,9 мың) облыстарында. Жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары белсенділік Түркістан (7,5 мың), Қызылорда (7 мың), Алматы (5,8 мың), сондай-ақ Жамбыл (5,7 мың) облыстарында байқалады. Жұмыс іздеушілердің ең аз саны Солтүстік Қазақстан (1,1 мың түйіндеме) және Ақмола (1,4 мың) облыстарында болды.
Біліктілігі жоқ қызметкерлер тобын қоспағанда, қаңтар айында республика бойынша жалпы практика және терапия дәрігерлерінің, күтім жөніндегі орта медициналық персоналдың, инфекционист дәрігерлердің, реаниматологтар мен психиатрлардың тапшылығы қалыптасты. Сонымен қатар, жарнама және маркетинг мамандарының, сондай-ақ сантехниктер мен құбыр жүргізушілер де жетіспеуде.
«Өз кезегінде, қаңтар айында заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, электроника техниктері, кең профильді кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ қаржы және инвестициялар бойынша кеңесшілер арасында мамандар артық болды», – деп қорытындылады Александра Молчановская.
inform.kz
04 ақпан 2021 ж. 440 0