Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары

Эфир барысында аталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылығы 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша, оның ішінде ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындылары бойынша қысқаша хабарламалар жасады.
Сонымен қатар, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы ақпараттар беріп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру туралы Агенттікпен әзірленген әдістемелік нұсқаулармен таныстырды.
Шара соңында эфир барысында көрермендерден түскен сауалдарға жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті