Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал ұрпақ тәрбиелеу – әрбір азаматтың парызы

Адал ұрпақ тәрбиелеу – әрбір азаматтың парызы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің директоры тікелей эфир өткізді.
Эфир барысында колледж директоры ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы, білім алушылар бойында «Адалдық, Парасаттылық және Сенім» қағидаларын тәрбиелеу бағытындағы және белсенді жастармен атқарылған жұмыстар жайлы хабарлама жасалынды.
Сонымен қатар, департаментің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысыӘлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы жаһандану барысында білімді, парасатты, адал ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ұстаздың мақсат-міндеті екендігін хабарлай отырып, еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жою бағытындағы басты құрал ол білім алушыларға болашаққа бағыт бағдар беру қажеттігін ортаға ұсынды.
Шара соңында спикерлер тікелей эфир барысында азаматтардан түскен сауалдарға жауаптар берді.

"Толқын" ақпарат


29 қаңтар 2021 ж. 586 0