АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында «Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды элементтерінің бірі. Бұл тұрғыда мемлекеттік аппаратты парасаттылық, ашықтық және есептілік қағидалары арқылы трансформациялау маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Парасаттылық департаментінің басшысы.
Сонымен қатар, Ырза Тұрсынзада - мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты құқық бұзушылықтың алдын алуға, парасатты қоғам құруға бағытталғандығын хабарлап, департамент қызметкерлерін өз қызметтеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін баяндап өтті.