Сыбайласжемқорлыққақарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында облыс активімен кездесу өтті

Кездесу барысында Ғанижан Асанұлы –бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор екендігін атап өтіп, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтардың төмендеуібұл – экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шартыболып табылатынын атап өтті. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық көріністерінің ең алғашқы сатыларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі қалыптасуда. Сондай-ақ облыс орталығында және облыстың барлық аудан орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік моделі енгізілгенін атап өткім келеді.
Сонымен бірге, Ырза Тұрсынзада – адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, парасатты қоғам құруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін хабарлады.
Кездесу соңында мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.