Өңірдің ұстаздарымен кездесу өткізді
![](/uploads/posts/2020-11/medium/1604316233_img_0933.jpg)
Өз кезегінде Ғанижан Асанұлы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін басты назарға алуды ұсынды.
Кездесу соңында Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада білім алушылардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңірудегі және парасатты қоғам тәрбиелеудегі білім саласының орны орасан зор екендігін атап өтті.
Кездесуге Қызылорда қаласындағы жоғарғы және арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, ал қалалық және аудандық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары мен интернаттардың директорлары Zoom платформасы арқылы қосылды.