Аралдық азаматтың көлігінен марихуана табылды

Тексеру барысында тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған ерекше иісі бар шөп ұнтақтарын тауып, күмән тудырған зат тәркіленді. Өткізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат – жалпы салмағы 5,72 гр кептірілген марихуана екендігі анықталған, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
baq.kz