Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Киіммен ұйықтауға бола ма?

Киіммен ұйықтауға бола ма?

Кейде шаршап келіп киіммен ұйықтай салатын әдетіміз бар. Бірақ көбіміз шешініп ұйықтаймыз. Арнайы іш киіммен – пижама, көйлек не жейдемін жататындар да көп. Сонымен бұлардың қайсысы дұрыс? Жалаңаш жатқан ба әлде киіммен ұйықтаған дұрыс па?
Бұл сұрақтың жауабы ХХ ғасырдың аяғында-ақ табылған. Микробиолог Джейсон Тетро киім мен төсек бактерияларын, микробтарын зерттеп арнайы The Germ Files атты кітап жазған. Мұнда күні бойы жүрген киіммен төсекке жатпау керегін айтады.

"Өйткені күні бойы киімде жүрген бактериялар көбейіп, қаптап кетеді. Егер адам киімді шешпей сол беті ұйықтай салса, бактерия мен микроб одан әрі көбейіп, киім мен денеде жағымсыз иіс пайда болады", - деп түсіндіреді ол.

Таңертең тұрып, жуып, душқа түсіп тазаланып аламын десеңіз де пайда аз.

"Өйткені киімде көбейген бактерия жатқан төсегіңізге "сіңіп қалады" да, төсек-орынды да, киімді де жиі жууға тура келеді. Ал пижама мен іш киім салыстырмалы түрде таза жүруіңізге көмектеседі", - деп жазады автор.
Ал бұған жауапсыз қараған адамда қайызғақ, безеу, тітіркену, тері аурулары пайда болуы мүмкін. Тері мен денеде тіршілік ететін Staphylococcus aureus (стафиллокок) және пропион қышқылды бактериялар (Propionibacterium) көбейсе, денені түрлі қабыну мен жара басуы мүмкін.

Ағылшын тілінде медицинада адамның денесіне немқұрайлы қарап,  тазаланбай, жуынбай жүруінен пайда болатын тері ауруларын арнайы түрде атайтын "Dermatitis neglecta" ұғымы қалыптасқан.

Сомнолог Майкл Бреустің айтуынша, арнайы киіммен не жалаңаш ұйықтаған адамның ұйқысы сергек болады.

"Ал көшеге киетін киіммен жатқан адамның дене температурасы бұзылып, ұйқысы дұрыс болмайды", - дейді ол.
Ал Амстердам университетінің зерттеуінде ұйықтаған кезде дене ыстықтап, қызбаса, адам терең ұйқыға кететіні айтылған.

massaget.kz
10 наурыз 2021 ж. 761 0